"Бағдарламалау және IT"

Кентау көпсалалы колледжі, "Бағдарламалау және IT" пәндер бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанатына байланысты іс- тәжірибе бөлісу кеші болды. Ашылу салтанатына колледж директоры Шаймерденова Г.А. сөз сөйледі, білім алушыларға терең білім мен басқа тілдерді де меңгеру керектігін айтты. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Леспек А.Л. және колледж әдіскер Нурманова С.С өз ойларымен бөлісті. Кеш қонақтары:
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің директоры Беркимбаев Камалбек Мейрбекович және колледжіміздің түлектері, Alfa ИП телефонға қызмет көрсету орталығының жеке кәсіпкер мамандар Иманбетов Сағадат Нұрболатұлы және Амангельдиев Дилшад Бахтиярұлы келді. Кеште білім алушыларымыз мамандықтарының кең ауқымды екені жайлы тереңірек білді, пікір алмасты.
https://www.facebook.com/watch/?v=374438365372824
#Оқуағартуминистрлігі